Жалақыңыздан 6000 теңге қиылып қалады

zarabotok
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының аясында бұрын ақылы болған кейбір медициналық қызметтер тек қана  сақтандырылған азаматтар үшін тегін болады.

Қосымша пакет бізге не береді? Немесе біз не ұтамыз?

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің айтуынша, бұрын ақылы, қымбат, қолжетімсіз медициналық қызметтер қолжетімді болады. Мәселен, компьютерлік томография, МРТ, қымбат дәрі-дәрмектер, сауықтыру шаралары сақтандыру қорына жарнасын құйып отырған адамдар үшін тегін болады.

Енді міндетті болып кеткен сақтандыру қорына қанша теңге құямыз?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың  сертіне сүйенсек: «Тіпті жалақыңыз 400 мың теңгені құраса да, сақтандыру қорына алынатын сома 6000 теңгеден аспайды».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған