Желіде жүрген тұз құрамындағы ұнтақ не?

676412 0c89 800
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Әлеуметтік желіде «Аралтұз» өнімінің құрамында қауіпті ұнтақ бар екендігі туралы бейнежазба тарады. Төмендегі бейнежазбада көрсетілгендей, аталмыш  жағдай Атырау облысында да анықталды.

Оқиғаның рас я өтірігіне көз жеткізу үшін бізде әртүрлі дүкеннен 3 сынама алып, тексеріп көрдік. Тексерген 3 сынаманың барлығынан күмәнді ұнтақ табылды. Демек бейнежазба, шынайы. 

View this post on Instagram

Желіде жүрген тұз құрамындағы ұнтақ не? Әлеуметтік желіде «Аралтұз» өнімінің құрамында қауіпті ұнтақ бар екендігі туралы бейнежазба тарады. Оқиғаның рас я өтірігіне көз жеткізу үшін бізде әртүрлі дүкеннен 3 сынама алып, тексеріп көрдік. Тексерген 3 сынаманың барлығынан күмәнді ұнтақ табылды. Демек бейнежазба, шынайы. Табылған ұнтақтың не екенін білу үшін зертханаға жүгіндіктік. «Тексеру барысында «Аралтұз» АҚ-ның өндіретін өнімінен 8 тұз сынамасы алынып, 5-нен сәйкессіздік анықталды, яғни йод құрамы қалыпқа сай болмады. Адам денсаулығына қауіп төндіретін күмәнді қоспалар анықталған жоқ» – депті Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Осы кемшіліктер орын алғандықтан ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекісінің 462 бабының 3 тармағы бойынша хаттама толтырылып, нәтижесінде заңды тұлғаға 883 750 теңге көлемінде айыппұл салынды.

A post shared by @ depti.kz on

Табылған ұнтақтың не екенін білу үшін зертханаға жүгіндіктік.

«Тексеру барысында  «Аралтұз» АҚ-ның өндіретін өнімінен 8 тұз сынамасы алынып, 5-нен сәйкессіздік анықталды, яғни йод құрамы қалыпқа сай болмады. Адам денсаулығына қауіп төндіретін күмәнді қоспалар анықталған жоқ» – депті Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Осы кемшіліктер орын алғандықтан ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекісінің 462 бабының 3 тармағы бойынша  хаттама толтырылып, нәтижесінде заңды тұлғаға 883 750 теңге  көлемінде айыппұл салынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған