Қазақстанда

БЛОК БЕКЕТТЕГІ ҚАЙҒЫЛЫ ҚАЗА: BMW КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ 6 ЖЫЛ ПОЛИЦИЯДА ҚЫЗМЕТ ЖАСАҒАН

Екі полицейдің өліміне кінәлі BMW көлігінің жүргізушісі 6 жыл полицияда қызмет еткені белгілі болды. Ол өзінің жұмысына салғырт қарағандықтан жұмыстан шығарылған.

«Погон таққан бұрыңғы полиция қызметкері жантүршігерлік жол апатына себеп болды. Полиция қызметінде 6 жыл қызмет етіп, жұмысына салғырт қарап, оған қарасты 4  тәртіп жаза қолданылған. Сондықтан жұмысынан босатылды. Алайда мұның өзі оның санасын сілкімеген сыңайлы. Заңды біле тұра, мас күйінде көлік жүргізіп, ауыр қылмыс жасады» – depti  Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.

Еске түсірсек, 25 мамыр күні таңғы 5:30 шамасында Алматы қаласы  Көксай ықшамауданындағы блок бекетте  BMW көлігінің мас жүргізушісі жантүршігерлік апат жасап, қатты серпінмен полиция потрулінің көлігіне соғылған. Нәтижесінде, 2 полицей қаза болып, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағалануда.  

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button