САРАПТАМА

69 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ АЯҒЫ АУЫР ҚЫЗЫ МЕН КҮЙЕУ БАЛАСЫН АТЫП ӨЛТІРГЕН

«Қандықол қылмыскер соңында өз-өзіне де оқ атып мерт болған. Алматы полициясы ерлі-зайыптыларды өлтіру фактісі бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр», – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан порталы.

Оқиға орнында жұмыс істеген полицейлердің ақпаратына сәйкес, көршілері отбасының тұрмысы жақсы болғанын, ешкімнің ішімдік ішпегенін айтқан. Алайда олар отбасы мүшелерінің жиі жанжалдасатынын байқап жүрген.

Трагедия кезінде үйде тағы бір әйел болған, ол – қылмыс жасаған ер адамның екінші әйелі. Бірақ ол зардап шеккен жоқ. Қылмысқа бармас бұрын ер адам оны үйден қуып жіберген.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдай бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button