САРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ІНДЕТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ТАҒЫ 21 ЖАҒДАЙ АНЫҚТАЛДЫ

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.
Олардың сегізі 1988, 1991, 1996, 1998, 1990, 1996, 1988, 1999 жылы туған ер адамдар, төртеуі 1974, 1972, 1988, 1979 жылы туған әйел адамдар. Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және скринингтен өткен қызметкерлер.
Ал, 6 жағдай Атырау қаласынан тіркелді.Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және скринингтен өту кезінде анықталған. Тағы 2 жағдай Жылыой ауданынан тіркелді. Олар 2018, 2020 жылы туған балалар. Сондай-ақ 1 жағдай Мақат ауданының 2013 жылы туған қыз баладан тіркелді. Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.
Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

02.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған
1140 адам анықталды.
Жазылып шыққандар саны – 481

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button