САРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БА?

Атырауда Ұлттық сараптама орталығы  Атырау облыстық филиалының қызметкерінен Covid-19 анықталды. Белгілі болғандай,  қызметкердің вирусологиялық зертханаға қатысы жоқ, ол  әкімшілік құрамда жұмыс істеген. 
Қазіргі уақытта бухгалтер, кадр және маркетинг бөлімінен қызметкермен  байланыста болған 12 адам анықталып отыр. Зертхана директоры Темірбек Мұсағалиев та коронавирусқа тапсырған тест нәтижесін күтуде . Ол Атырау қаласында карантин режимі аяқталғанға дейін облысымыздың бас санитарлық дәрігері қызметін атқарған болатын.
–   Науқаспен байланысушы тұлғалардың барлығы оқшауланды. Вирусологиялық зертхана әдеттегі режимде қызметін жалғастырады, – деп түсіндірді Орталық басшылығы.
Сонымен қатар, бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдығапаровтың да коронавирусқа тест тапсырды.  Тест нәтижесі жақын арада белгілі болады, – depti облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button