САРАПТАМА

Атырауда белгісіз біреулер күзетшіні аямай ұрып кеткен

Бұл туралы «Атырау Су Арнасының» баспасөз хатшысы Азамат Сарсенбаев фейсбук парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Береке ауылындағы су тазарту қондырғысында түнгі сағат 02:30 шамасында күзетші Талғат Қайралиев («Сұңқар қауіпсіздік» ЖШС қызметкері) учаскеде электр сымының үзілген бөліктерін тапқан. Сөйтіп, жердегі аяқ іздері арқылы ұрланған кабельді ресейлік «ВАЗ-21099» көлігіне жүктемек болған екі белгісіз адамды байқады.

«Күзетші рация дабыл батырмасын басып, оларды өз бетімен тоқтатуға тырысты. Оқиға орнында екі қаскүнем күзетшіні басынан таспен ұрып, жерге құлатып, оны ұрып-соғып, содан кейін машинаға соғып, қашып кеткен», –  деп жазады баспасөз хатшысы.

Кәсіпорын басшылығы полицияға арыз берген.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button