АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА АВТОЦИСТЕРНА ӨРТЕНДІ (ВИДЕО)

2020 жылдың 5 маусым күні таңертең Атырау қаласы Атамбаев көшесі ЖШС «ПромГаз» аумағында газ-ауа қоспасын төгу кезінде газ ағып, сондай-ақ жарылыс орын алып, кейін «Ford» маркалы автоцистерна кабинасы жалынға оранған. Жарылыс кезінде 60-70 метр қашықтықта тұрған ғимаратқа зиян келген.

«Шақырту орнына Атырау облысы ТЖД-ның 25 қызметкері мен 4 техникасы жетті. Сағат 09-58 – де өрт толықтай ауыздықталды.
4 адам күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Олар: жанар-жағар май құюшы, газовоз жүргізушісі және Атырау облысы ТЖД-ның екі қызметкері, 4-ӨСБ бөлімше командирі және өрт сөндірушісі», – деп хабарлады ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button