САРАПТАМА

АТЫРАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІРТКІ САТУШЫНЫ ҚҰРЫҚТАДЫ (ВИДЕО)

Атырау облысы Полиция Департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен Есірткі бизнесіне қарсы күресі басқармасы қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында синтетикалық есірткі заттарын сатқаны және таратқаны үшін деструктивті діни ағымын ұстанушы 1988 ж.т. азамат ұсталды.

Тінту барысында азаматтан синтетикалық есірткі, тыйым салынған религиялық әдебиеттер мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған компоненттер тәркіленді.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу -тексеру жүргізілуде ( Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу).

Сонымен қатар, тергеу болжамы негізінде, азаматқа қатысты ҚР ҚК 256 Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру және 174-баптары бойынша (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру ) іс қозғалды.

Ұсталған азаматқа қамауға алуға санкция берілді», – деп хабарлайды Атырау облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button