АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АУДАН ӘКІМДЕРІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ

Мемлекеттік құрылымдардың ашықтығын нығайту және әкімдер мен тұрғындар арасындағы байланысты орнату мақсатында «Атырау- адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мамыр айының 5 мен 12 аралығында » ӘКІМДЕР АПТАЛЫҒЫН» өткізуде. Тікелей эфирде әкімдер аудан ахуалын баяндап, тұрғындардың сұрақтарына жауап беруде. Басты мақсат билік пен халық арасындағы байланысты орнату.
Аталған апталықта облысқа қарасты жеті ауданның әкімдері тұрғындармен онлайн жүздесіп, өзекті мәселелерін талқылайды. Тікелей эфир Instagram әлеуметтік желісінде және аудандардың жеке әкімдік парақшаларында жүзеге асуда.
Тұрғындар алдын¬дағы алғаш¬қы онлайн жүздесуді Қызылқоға ауданы әкімі Бисембиев Нұрсұлтан Орақұлы бастады. Тұрғындардың басым көпшілігі ауыз су мәселесін, өр суының тасымауын және мал шаруашылығы бойынша көптеген сұрақтар қойды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button