САРАПТАМА

«БАТЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНДА БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ ОНЛАЙН КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Көптен күткен шырайлы жаз жайма шуақ және жылулық сезімдерге толы оқиғалармен тұспа-тұс келуде. Осындай оқиғалардың бастамасы ретінде, әскери қызметшілердің бүлдіршіндері «Халықаралық балаларды қорғау күніне» арналған мерекелік онлайн концерт челленджін ұйымдастырды.

Сақтық шараларын ескере отыра, әскери бөлім басшылықтары жыл сайынғы әскери бөлім аумағында өтетін қызықты да әсерлі мерекені, биылғы жылы онлайн форматында өткізуде.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жасау басқармасының» бастауымен, әрбір гарнизондардағы бүлдіршіндерге онлайн форматтағы концерт туралы үндеу жарияланды. Осы концертке 50-ге жуық қатысушалар өз өнерлерін жіберді. Біреулері сурет салса, біреулері ән айтып, өлең оқыды. Іріктелген үздік жұмыстар Қарулы Күштердің байқауына жіберілді, ал әскери бөлім басшылықтары бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтарды тарту етті. Біз үшін баланың күлкісі мен қуанышқа толы жанары әлемдегі ең үлкен байлық», – depti «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әкімшілік басқармасының бастығы подполковник Ермұхамет Кудеров.

«Аталмыш форматтағы концерттер «Менің әкем Отан қорғаушысы», «Жеңіс күні» тақырыптарымен осының алдында да өткен болатын. Баланың сыңғырлаған даусынан шыққан әндер мен өлеңдер барлық әскери қызметшілерге жігерлік пен жақсы көңіл күй сыйлады», – деп хабарлайды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы капитан Рүстем Игисинов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button