Хабарлама арқылы WhatsApp мессенджерін бұзуға болады

by Depti
1 views

Бұл ақау WhatsApp-тың iOS және Android-қа арналған нұсқаларында бар.

Check Point деп аталатын киберқауіпсіз компаниясы WhatsApp-тың ақауын тапты. Бұл ақау арқылы қосымша жұмысын бұзып қана қоймай, топтық чатты бұзуға болады екен. Бұл туралы “Вести.ru” басылымы хабарлады. 

Шабуыл жасау оңай болып шықты. Қаскөйлер топқа қосылып, браузер құралдары арқылы хабарлама қалдырып, оны WhatsApp-тың веб-нұсқасы арқылы жіберсе болғаны. Салдарынан топтық чаттағы қате пайда болады, одан қосымша толықтай істен шығады. 

Check Point мессенджерді құрастырушыларға бұл ақау туралы хабарды тамызда берген. WhatsApp өкілдері мұндай проблеманың барын мойындап, соңғы нұсқасында бұл ақаудың алдын алыпты.

Дереккөз: Tengrinews.kz

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com