САРАПТАМА

Екі жасар қыз кемпірге айналған

Қыздың тез қартаюының жұмбақ себебі кездейсоқ анықталды.

Британияның Лестер қаласындағы отбасылардың бірінде дүниеге келген екі жасар қыз «Бенджамин Баттон» ауруының әсерінен кемпірге айналған. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Исла Килпатрик-Скритон (Isla Kilpatrick-Screaton) 2017 жылы дүниеге келген. 

Қыз мандибулоакральды дисплазияның әртүрлі түрімен – сүйектің деформациясын тудыратын туа біткен ауруына шалдыққан. Мутацияға байланысты, оның жасушалары тез қартайып барады. Сондықтан бүлдіршін өз жасынан ересек көрінеді.

Қыздың тез қартаюының жұмбақ себебі кездейсоқ анықталды.

Ата-анасы қыздарының тез қартаюына қалжыңмен қарап, көңілдеріне алмауға тырысып, оны «Кемпір» деп атайды. 2 жасында бар болғаны оның салмағы 6,8 килограмға жеткен. Бұл – оның жасының қалыпты жағдайынан екі есеге төмен. Тыныс алу мүшелерінің жіңішкелігінен оған, тіпті, тыныс алу қиын. Бүлдіршін сөйлей алмайды және жақындары онымен тіл табысып, түсінісу үшін қол, саусақ қимылдарымен сөйлесуге мәжбүр.

Дәрігерлер бұған дейін ешқашан мутациялық диагнозға тап болмаған. Тек Исланың денсаулығынан ғана осындай кінәрат тауып отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button