АТЫРАУДАСАРАПТАМА

МАҚАТТАҒЫ АТЫСТЫҢ СОҢЫ КІСІ ӨЛІМІНЕ АЛЫП КЕЛДІ

«Атырау облысы Мақат ауданы, Мақат кентінде 15 мамыр күні сағат 18.00 шамасында 1985 жылы туған азамат шолақ мылтықтан алған жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды.
Полиция қызметкерлері бұл аса ауыр қылмысқа қатысты 1999 және 2000 жылы туған екі күдіктіні анықтады.
«Іздестіру шараларының нәтижесінде 2000 ж.т. азамат ұсталып, ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-тің 99-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізілуде.
Осы оқиғаға қатысты БАҚ-та таратылған жаппай төбелес дерегі орын алған жоқ. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды», – деп мәлімдейді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button