Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Марқұмның қаделерін елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған кезде өткізу ұсынылып отыр. Бұл туралы мүфтиятқа сілтеме жасап amin.kz хабарлайды.
18.06.2020 жылдан бастап
Жаназа намаздарын оқуға және астарды өткізуге қойылатын талаптар:
- Жаназа намазына келуші жамағатқа карантин талаптарын қысқаша түсіндіріп, орындалуын талап ету;
 - Дін қызметкері жаназа намазында 5 минуттан артық уағыз айтпау;
 - Қабір басында мәйіт жер қойнына қойылғаннан кейін жамағатты тезірек қайтаруға атсалысу;
 - Жаназадан кейінгі астарды барынша болдырмауға немесе аз кісі (тек жақын тума-туыстарының) қатысуын насихаттау;
 - Дін қызметкері жамағатпен қол алыспау;
 - ҚР Санитарлық Бас дәрігерінің 22.05.2020 жылғы №37 ПГВр қаулы талаптарын орындау;
 - Дін қызметкерлері мен жаназа намазын оқуға келген жамағаттың міндетті түрде бетперде және медициналық қолғаппен жүруін насихаттау және орындау;
 - Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспау;
 - ҚМДБ қонақ асы, жетісі, қырқы, жүзі, жылы, еске алу т.б. көпшілік жамағат жиналатын астарды еліміздегі эпидемия жағдайы тұрақталғаннан кейін өткізілуге кеңес береді.
 


