АТЫРАУДАСАРАПТАМА

ОҚУШЫЛАРҒА АҚША ЖИНАТАТЫН АТА-АНА МА, МҰҒАЛІМ БЕ?

Өткен жылы «Атырау Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен 1000-ға жуық респондеттер арасында (мұғалім, ата-ана) сауалнама жүргізіліп, сауалнама нәтижесінде қаражаттың  65 пайызы ата-ананың , ал 35 пайызы мұғалімдердің «ұсынысымен» жиналатынын көрсеткен еді. Сонымен қатар, анонимдік сауалнамадан өткен 500 респондент (ата-ана) жиналатын қаражаттың 30 пайызы мұғалімнің сыйлығына, 38 пайызы мектепке қажетті құрал-жабдыққа, ал қалған 32 пайызының балаларға арналған мерекелік сыйлыққа жиналатынын көрсеткен еді.

Зерделеу жұмысының нәтижесінде, 2018, 2019 жылдармен салыстырғанда Атырау облысында заңсыз ақша жинау әрекеттерінің саны едәуір азайды деуге болады. Өйткені, 2019 жылы 32 ата-ана жобалық кеңсеге шағымданған болса, биыл анонимді хабарламаның саны 14.
Зерделеу барысында төтенше жағдайға байланысты мектептерде оқыту процессі онлаин болғанымен, мектептердегі жөндеу жұмысына немесе сыныпқа қажетті құрал жабдық үшін, бастауыш сыныпты аяқтау, түлектердің ұстаздарына алғыс ретінде берілетін сыйлыққа ақша жинау процессі Каспии голд карточкасы арқылы жүргізілетіні белгілі болды.

«Биыл мектептерде заңсыз ақша жинау бойынша соңғы бір ай ішінде біздің тарапымыздан жүргізілген сыртқы бақылау нәтижесінде:
мектептерде қаражаттың ата-аналардың өз еркімен жиналғанымен оған сынып жетекшілері тарапынан құпиялы ұсыныс берілетіндігі белгілі болды.
Сондай-ақ, талдау барысында тілдескен кейбір ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшілеріне жақын немесе жақсы таныс ата-аналардың құрамынан болатындығын жоққа шығармай отыр.
Атырау қаласы, Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой аудандарында биылғы жылы 8 наурыз, туған күн, ұстаздар күні мерекелеріне ақша жиналғаның, жиналған қаражатқа сатып алынған сыйлық мектепке емес, мұғалімдердің үйіне дейін апарылатындығын ата-аналар жасырмады, алайда, атын атап, түсін түстеуге ата-аналардың батылы бармайды, өйткені, баламның оқуына кесірі тиіп кетер деген қауіп бар», – depti жобалық кеңсенің мамандары.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button