САРАПТАМА

Қазақстанда қазақ күресінен VIII әлем біріншілігі өтеді

Елордада 20-21 желтоқсан аралығында қазақ күресінен VIII әлем біріншілігі өткізіледі. Оған 33 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. «Дәулет» спорт кешенінде өтетін байрақты бәсеке барысында ерлер мен әйелдер арасында 12 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынбақ. Әлем біріншілігінің салтанатты ашылуы аталған спорт кешенде 20 желтоқсан күні сағат 16.00-ге жоспарланған. Әлем чемпионаты Біріккен Күрес Әлемінің (United World Wrestling) 2019 жылға арналған ресми күнтізбесіне енген және жарыстар толықтай UWW ресми өкілдері мен халықаралық дәрежедегі төрешілердің қатысуымен өткізілмек.

Дереккөз: 24.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button