САРАПТАМА

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА САПАР ЖАСАДЫ

  «Атырау облысына Үкімет делегациясын бастаған Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келіп, аймақтағы эпидемиологиялық ахуал, «Теңіз» кенішіндегі жұмысшыларды шығару мен  жұмыспен қамтамасыз ету жол картасын жүзеге асыру мәселелеріне қатысты  жиын өткізді», – деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде   коронавирустық ахуалдың қазіргі деңгейі 2-3 пайыз екенін атап өтті. Бұл көрсеткіш  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қабылданған нақты шаралардың нәтижесі. 

Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің сөзінше, аймақтағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақты емес. Қазіргі кезде өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 458 жағдай тіркелген. Олардың 127-сі емделіп шықты. Ал «Теңіз» кенішінің 384 жұмысшысынан аталған вирус анықталған. Бұл азаматтар 20 жатақханада тұратын 33 мекеменің қызметкерлері.

c2448d28 0fe8 4c54 9959 23c130769cf2

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, Теңіз кенішінде карантиндік талаптар жеткілікті деңгейде сақталмай отыр. Сондықтан ол «Теңізшевройл» компаниясының мердігер және субмердігер компаниялары басшыларының жауапкершілігін арттыруға шақырды.

Қазіргі кезде «Теңіз» кенішінен 17 мың адам өздерінің тұрғылықты мекенжайларына жеткізілген. 

Жиын барысында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын өңірде жүзеге асыру барысы да қаралды. Үкімет биыл 1 миллион 220 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Атырау облысында бұл бағдарлама шеңберінде 63 жоба жүзеге асырылып 7 мың жұмыс орны ашылады. Оған республикалық бюджеттен 35 млрд. 308 млн. теңге бөлініп отыр. 

Жиынды қорытындылаған Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстауға және «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мен жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button