ӘлемдеСАРАПТАМА

Қытайда тағы бір індет өршіп барады

«Қытайдың Хунань провинциясында H5N1 жұқпалы құс тұмауы тіркелді,» –депті Газета.ru ақпарат агенттігі.

Жоғары патогенді құс тұмауы фермалардың бірінде табылды. Ауру салдарынан ондағы қанаттылардың 4 мыңы қаза болып, эпидемияның алдын алу мақсатында 18 мыңының көзі жойылды. Адам жұқтырғаны туралы әзірге хабарланған жоқ.

Құс тұмауының вирусы алғаш XX ғасырдың басында Италияда анықталған және ұзақ бойы адамдар үшін қауіпсіз деп есептелінген. Құс тұмауының вирустары жабайы және үй құстарында, жылқыларда, шошқаларда кездеседі. Жабайы құстар (әсіресе суда жүзетін үйрек, қаз, аққу және т. б.) әдетте құс тұмауымен ауырмайды, бірақ індет таратады.

Аурудың белгілері: қалтырау, температураның 38 градус Цельсияға дейін көтерілуі, бұлшық ет және бас аурулары, тамақтың ауыруы сынды белгілермен басталады. Сондай-ақ, жұқтырған адам бірнеше рет құсуы да мүмкін. Науқастың жағдайы тез нашарлайды. 2-3 күннен кейін ылғалды жөтел пайда болады, жиі қан кетіп, ентігеді. Содан кейін тыныс алу қиындап, бауыр, бүйрек және ми зақымдануы мүмкін.

Қазіргі таңда әлем БАҚ-тарының назарында – коронавирус 2019-nCoV эпидемиясы. Қытайдың Хубэй провинциясынан бастау алған дертке 15 мыңға жуық адам шалдығып үлгерген. Бүгінгі күні 331 науқас айығып, 304-і көз жұмған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button