АТЫРАУДАСАРАПТАМА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ҚОС ЖҮЛДЕ ӘКЕЛДІ

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Арсен Ренатұлы мен Дамир Алтайұлы «HACKDAY ONLINE 2020» шығармашыл жастардың республикалық конкурсында топ жарды. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ұйымдастырған инновациялық идеялар сайысында атыраулық жастар «Кино және видео» атылымында үздік көрініп әрқайсысы 50 мың теңгеден ынталандыру сыйақысына ие болды, – деп хабарлайды Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

«HACKDAY ONLINE 2020» конкурсының талабы бойынша қатысушылар санаулы сағатта ақпараттық бағдарламалар мен электронды құралдарды пайдаланып берілген тақырыпқа байланысты бейнеролик әзірлеуі керек. Арсен мен Дамир «Әлеуметтік видео» жанрындағы жұмысты дайындаған.

Арсен Ренатұлы Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларға арналған медиа-клубтың мүшесі. Ол бұған дейін Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастырған «Жасөспірімдер арасындағы қылмысты алдын-алу» тақырыбындағы бейнероликтер байқауында бас жүлдеге, республикалық «UHACK24» конкурсында жүлделі үшінші орынға табан тіреген. 12 сыныпты тәмамдайдын мектеп түлегі оқу орындағы медиа-клубта мол тәжірибе жинағанын айтады.

– Видеоға түсіру менің сүйікті ермегім. Маған танымал болгерлар мен кәсіби видеографтардың сапалы жұмыстары ұнайды. Жоғары деңгейдегі туындыларды көргенде шабыттанамын. Видеоға түсіру де қағазға шығарма жазғандай. Тек мұнда қаламның орнына камераны пайдаланамын. Бейнежазба арқылы өзімнің ішкі әлемімді көрсетемін», – дейді Арсен.

Арсен медиа-клубта жинағын тәжірибесін төменгі сыныптың оқушыларына дәріптеуде. Солардың бірі 9 сыныпта білім алатын Дамир Алтайұлы. Ол Арсеннен үйрегенім көп дейді:

– «HACKDAY ONLINE 2020» байқауы мен үшін үлкен жетістік. Арсеннің үйреткені көп. Ол түсірілім алдындағы дайындық жұмыстарынан бастап монтажға дейін үйретті. Біздің мақсатымыз әркез шыңдалу және бәсекеге қабілетті болу».

Қазір ақпараттық кеңістікте бейнеконтетке сұраныс жоғары. Қазақстандық нарықтағы мультимедианы дамыту бүгінгі Арсен мен Дамир сияқты дарынды жастардың қолында.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button