АТЫРАУДАСАРАПТАМА

ТЕҢІЗ КЕНІШІНДЕ КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕН 31 АДАМ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ


Өткен тәулік ішінде Атырау облысында COVID-19 инфекциясынан тағы 31 адам жазылып шыққан. Олардың 5-еуі әйел, 26 -сы ер адам. Емделіп шыққандардың барлығы да Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Қазіргі уақытта емделіп шыққандар өздерін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті, – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Осылайша, Атырау облысында аталған қауіпті індеттен айыққандар саны 637 адамға жетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button