АТЫРАУДАСАРАПТАМА

ТЖ КЕЗІНЕ ТАРТЫЛҒАН ӘСКЕРИЛЕР МЕН ТЕХНИКА ӨЗДЕРІНІҢ БӨЛІМДЕРІНЕ ОРАЛАДЫ

  ҚР аумағында төтенше жағдай режимінің ресми түрде аяқталуына байланысты,  Қазақстан Қарулы Күштерінің блок-бекеттерінде күшейту, елді-мекендерді дезинфекциялау және патрульдеу бойынша кезекшілікке тартылған жеке құрамы мен әскери техника өздерінің тұрақты орналасқан пункттеріне оралады.

Сонымен қоса, Атырау облысында арнайы жиындарға шақырылған аумақтық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері өз міндеттерін  жергілікті атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес аяқтады.

Елде төтенше жағдай енгізілген  күннен бастап әскерилерге режимді қамтамасыз ету және вирустармен күресте маңызды міндеттер жүктелді. Әскери қызметшілер аумақтар мен объектілерде өңдеу жүргізіп, блок-бекеттерде және патрульдерде қызмет атқарды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button