АТЫРАУДАСАРАПТАМА

З МЛРД 312 МЛН ТЕҢГЕГЕ САЛЫНҒАН САПАСЫЗ ЖОЛ

«Сапалы жол» жобасы аясында «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен бірге Атырау қаласындағы сапасыз жолдарға қоғамдық бақылау жұмыстарын бастады. Алғашқы бақылау – өткен жылы 3 млрд 312 млн теңгеге құрылысы жүргізілген Құрманғазы даңғылындағы тас жол болды. Бұл нысан өткен жылдан бері екінші рет бақылауға алынып отыр. 2019 жылы жобалық кеңсе Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен анықталған кемшіліктерді жою жөнінде жергілікті мемлекеттік құрылымдарға және жөңдеу жұмысын жүргізген құрылыс компаниясына қайта қалыпқа келтіру жөнінде ұсыныс берген болатын. Алайда жүргізілген мониторинг берілген ұсыныстардың орындалмағандығын көрсетті.

e1c953a7 813c 46e4 a8db cab4376e675c

Бұл көшенің құрылысына жергілікті бюджеттен 2019 жылы 3 млр 686 млн 829, 89 теңге бөлінген. Мемлекеттік тапсырысы негізінде ұтып алған «Айс» ЖШС 2020 жылы аяқталуы керек, әзірге 3 млрд 656 млн 732,64 теңгеге жөңдеу жұмыстарын жүргізген.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының арнайы лабораториясының қызметіне жүгінгендер 3 млрд 656 млн 732,64 теңгеге жүргізілген жолдың сапасыз екендігін анықтаған. Асфальт қалыңдығы стандартқа сай сақталмаған. Орталыққа жаңадан келген «керін отборник» құрылғысы асфальт қалындығының 4 см ге дейін жетпейтіндігін көрсетті. Орталық басшысы Жантас Шәріповтың айтуынша, бұл кемшілік шамамен 200 м жолды құрайды.
Бұл жұмыс нәтижелері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті мен «АТЫРАУ АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобалық кеңсесінің назарында болмақ.
«Сапалы жол» жобасы аясында 2019 жылы құрылыс жүргізілген өзге нысандардың жолдары да бақылауға алынатын болады.

410f2c77 153f 4aca bb7b 97f4d57e5552

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button