ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕННИСШІ ЕЛ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 17-орынға көтерілді және еліміздегі жаңа рекорд орнатты. Бұл туралы  рейтинг wtatennis сайтында жарияланды.

Рыбакина бір жыл ішінде 175 орынға көтерілді. Қазақстандық теннисшінің бірден бірнеше орынға көтерілуіне халықаралық турнирлердегі жеңістері себеп болып отыр. Осы жылдың өзінде 20 жастағы теннисші төрт рет рейтингі жоғары жарыстарға қатысып, рейтингте екі орынға көтерілді. Соңғы рет Рыбакина 22 ақпанда әлемнің екінші ракеткасы румыниялық Симона Халепке қарсы Dubai Duty Free Tennis Championships турнирінде ойнап, үшінші сеттегі тай-брейкте жеңіліп қалды.

Рыбакина тамаша ойнайды. Допты ойынға қосуы мықты. Бойы биік, сондықтан бұл оған басымдық береді… Жақында оны топ-10 рейтингінен көреміз деген ойдамын, — depti Симона Халеп ойыннан кейін.

Осы жылдың ақпан айының соңында еліміздің экс-бірінші ракеткасы Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 32-орында, Зарина Дияс 61-орында тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: