АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІРІ КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН САҚТАУҒА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Махамбет Досмұхамбетов жер қойнауын пайдаланатын ірі компанияларға жұмыссыздықты болдырмауды тапсырды.

Бүгін, 26 наурызда облыс әкімдігінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен аймақтағы ірі компаниялардың өкілдерімен кездесу өтті. Күн тәртібіне екі мәселе қойылды – жұмыс орындарының қысқаруын болдырмау және «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясының барысы туралы болды.

Махамбет Досмұхамбетовтің сөзінше, ертеңге дейін компаниялармен екіжақты меморандумға қол қойылады, соған сәйкес компаниялар мұнай бағасының төмендеуі мен елдегі төтенше жағдайға байланысты өз қызметкерлерін қысқартпауға міндеттенеді.

«Кәсіпорындарда тұрақты әлеуметтік ортаны қалыптастыру бірінші басшылардың жеке жауапкершілігінде екенін атап өткім келеді. Сонымен қатар, баршаңызды жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуге шақырамын. Осы мақсатта әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін біздің тарапымыздан типтік меморандумдар дайындалды» – depti аймақ басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button