15 ҚАБАТТАН ҚҰЛАҒАН АТЫРАУЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ?

by Depti
0 views

Дәрігерлер шахтаға 15 қабаттан құлаған екінші азаматтың жағдайы туралы айтты.

34 жастағы ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір 1987 жылы туған науқастың жағдайы тұрақты ауыр. 4 тамызда  ота жасалды, қазір ол дәрігерлердің бақылауында реанимацияда.

Еске салайық, 4 тамызда лифт шаруашылығының екі қызметкері шахтаға 15 қабаттан құлап кеткен болатын. Өкінішке орай, жұмысшылардың бірі жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды.

Әлия ЖӘМИТОВА

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com