Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның үшінші дозасы салынуы мүмкін

by Depti
0 views

Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші компоненті салынуы мүмкін. Соған қатысты дәрігерлер пікір білдірді. 

Жоғары санатты инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаеваның сөзінше, бүгінде үшінші компонентті салдыруға қатысты мәселе қарастырылып жатыр.

«Дәрігерлер, оның ішінде, иммунолог, вирусологтардың көзқарасы бойынша, иә, расында ревакцинация — үшінші компонентті салдыру қажет болуы мүмкін. Жас категориясына қарай әртүрлі кезең керек болады. Ревакцинацияның қажет не қажет емес екені ағзадағы антидене санына қарай анықталады. Сондықтан антидене саны 1-ден төмен адамдарға ревакцинация керек болуы мүмкін. Бүгінде ревакцинацияға қатысты мәселе қарастырылып, талқыланып жатыр. Алдағы таңда оның жауабын аламыз», — деді Атығаева ОКҚ брифингінде.

Еске салайық, вакцинаның үшінші дозасын салу туралы мәселені Pfizer және BioNTech компаниялары көтерген болатын. Бүгінде вакцинаның үшінші дозасын салдыра бастаған ел де бар. Ол — Израиль. Елде 60 жастан асқандарға Pfizer-дің үшінші дозасы салынып жатыр. Сонымен қатар, Израильдің премьер-министрі Нафтали Беннетт елде кейінгі бес айда вакцинаның екі компонентін алғандар 1 тамыздан бастап үшінші дозаны салдыра алатынын мәлімдеді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com