АТЫРАУДА

АЙМАҚ БАСШЫСЫ САУДА ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхаметов аймақтағы бірнеше сауда орындары мен базарларды аралап, санитарлық жағдайы мен сақтық шараларымен танысып қайтты.

«Халыққа ең қажетті әлеуметтік маңызы бар тауарлар үнемі бақылауымызда. Облыстық тұрақтандыру қорындағы азық-түліктер қаламыздағы  «Сарайшық», «Дина», «Көктем» мен  «Насиха» сауда орындарының ішінде төмен бағамен сатылуда. Бұдан тыс әр апта сайын қала мен аудандарда жәрмеңкелер өткізілуде», – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша,тұрақтандыру қорына қосымша қаржы бөлініп, тұрғындарды ең қажетті 12 түрлі азық-түлікпен қамтамасыз етуге жұмсалады. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button