АТЫРАУДА

АКЦИЯҒА 500 ОТБАСЫ ҚАТЫСАДЫ

Елімізде жарияланған төтенше  жағдайға  байланысты, короновирустың таралуын  болдырмауға бағытталған іс-шаралар аясында «Nur  Otan» партиясының Төрағасы  Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Біз біргеміз «Nur Otan» республикалық акциясы Атырау қаласында жүруде.

«Қала əкімі Қайрат Құлымұлының колдауымен, қаладағы ірі кəсіпорын, мекемелердің демеушілігімен əлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғыз басты қарттар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне гигиеналық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар және азық-түліктер таратылуда. Акцияға 500 отбасы қамтылады» – depti Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

whatsapp image 2020 03 20 at 19.47.54

Шараның ұйымдастырылуына қаладағы еріктілер, «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері, қалалық жастар ресурстық орталығының белсенді жастары ат салысуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button