АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ЖҰҚТЫРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ БАР 5 АДАМ ТІРКЕЛДІ

COVID-19 жұқтырған 2 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 1998, 1978 жылы туған  мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар  инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған және  скринингтен өткен қызметкерлер.

Ал тағы 2 адам  1969, 1961  жылы туған Атырау қаласының  тұрғындары. Олардан инфекция скринигтен өткен кезде анықталған.

Сондай-ақ 1 адам Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылдық округінің 1973 жылы туған тұрғынынан анықталды.Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандықтан одан зертханалық сынамалар алынды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.                                               

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

09.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1227 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны – 834.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button