ЖЫЛОЙ АУДАНЫНДА КАРАНТИН РЕЖИМІ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Жылыой ауданындағы эпидемиологиялық жағдайды толығымен тұрақтандыру мақсатында бүгінде карантиндік және шектеу шаралары сақталды.
Сонымен қатар, Жылыой ауданының бас санитарлық дәрігері Талғат Хабибуллин карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы жаңа қаулы қабылдады. Халық пен бизнес өкілдері үшін маңызды нысандардың жұмыс істеуі қажет.
Атап айтқанда, 2020 жылғы 10 маусымда сағат 07.00-ден бастап өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ірі құрылыс дүкендерінің, көлік, қойма, ауылшаруашылық сервистік компаниялардың қызметін жандандыру жоспарлануда.
Азық-түлік базарларының, гипер-супермаркеттердің, ірі азық-түлік дүкендерінің, сауда орталықтарындағы азық-түлік дүкендерінің жұмысына рұқсат етіледі. Жұмыс уақыты 09.00-ден 18.00-ге дейін.
Көп пәтерлі үйлерде және тұрғындар көп шоғырланған аудандарда орналасқан дүкендер сағат 06.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.
Осы ретте бас санитарлық дәрігер бұл нысандарды ашуға тек күшейтілген санитарлық жағдайда ғана рұқсат етілетіндігін атап өтті.
Қоғамдық тамақтану нысандарының да жеткізу қызметі сағат 22:00-ге дейін ұзартылды.
ХҚКО бөлімшелері тек заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, Жылой ауданының бас санитарлық дәрігері Талғат Хабиуллин, жоғарыда аталған рұқсат берілген ұйымдарды қоспағанда, қалған кәсіпорындар шектеу шаралары кезінде өз жұмыстарын тоқтату қажеттігін жеткізді.
– Егер эпидемиологиялық жағдай нашарласа мен тиісті шараларды қабылдайтын боламын, – деді Талғат Хабибуллин.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының алдын-алу мақсатында Жылыой ауданында карантиндік шараларды жеңілдету кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.