АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ҮШ ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА COVID-19 ЖҰҚТЫРҒАН

41363fe1 dbc6 4623 8fd3 b5da0ad2a3ff
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қыз бала қауіпті індетті тасымалдаушы Исатай ауданының тұрғынымен  жақын қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды аймақтық шұғыл штаб.

Өткен тәулікте өңірімізде  Covid-19 жұқтырған тағы 12 адам анықталды. Оның ішінде  9 адам теңіз кенішінің жұмысшылары.

Қауіпті індетті жұқтырған қалған 3 адам – Атырау қаласының 24 жасар, Исатай ауданын  3 жасар және  Құлсары қаласының 53 жасар тұрғындары.

Соңғы мәлімет бойынша өңірде короновирусты жұқтырған 891 жағдай тіркеліп, 226 адам індеттен құлан таза жазылып шықты.