АТЫРАУДА

ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНЕ ШОМЫЛЫП ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ДЕР КЕЗІНДЕ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау полицейлері жаздың ыстығы басталмай жатып, Жайық өзеніне суға түсіп жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерді анықтады.
«Жексенбі күні түс кезінде Жайық өзенінің қаладағы Каспий ықшам ауданы мен Тұрғындар қалашығы Авангард жаяу көпірі тұсында серуендеп, суға шомылып жүрген онға жуық жасөспірім тәртіп сақшыларының қырағылықтары арқасында дер кезінде анықталды.
Балаларының өзен жағалап, қауіпті жайтты ескерместен, суға түсіп жүргендерінен бейхабар ата-аналар қалалық полиция басқармасына шақыртылып, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364 – «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бабымен хаттамалар рәсімделді» – depti ПД баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button