АТЫРАУДА 14 МЕЙРАМХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАДЫ

unnamed 10
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырауда тоғыз күн ішінде облыс бойынша карантин режимін бұзған 463 дерек анықталды.

​ «Бұл туралы індет кезінде санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторингтік топ жүргізген рейд барысында белгілі болды» деп хабарлайды Атырау облыстық ​ коммуникациялар қызметі.

Карантиндік шектеулерді ең көп бұзғандар Атырау қаласының тұрғындары.

Мәселен, «үйге дейін жеткізу» қызметі ​ түрінде ​ ғана жұмыс істеуге рұқсат ​ берілгеніне қарамастан,​ Атырау қаласындағы мейрамханаларда тамақтанудың 14, азық-түлік​ дүкендерінің ​ жұмыс уақытынан тыс мезгілде сауда жасауының 39 дерегі анықталды.

Жиын-той өткізуден Жылыой ауданы көш бастап тұр. Эпидемиологиялық ахуалдың ушығып тұрғанына ​ қарамастан, жылыойлықтар 16 рет отбасылық шара өткізген. Той, садақа түріндегі шаралар өткізудің ​ дерегі​ Атырау қаласымен бірге, ​ Исатай, Қызылқоға, Мақат ​ аудандарында тіркелді.

Қозғалыс тоқтаған уақытта себепсіз жүрудің ​ Атырау қаласында 35, Жылыой ауданында 100, Мақат ауданында 31, Исатай ауданында 19, Махамбет ауданында 17, Қызылқоға ауданында 20, Индер ауданында 9 дерегі тіркеліп отыр. ​

Еске сала кетелік, бұл 11-20 шілде аралағында жүргізілген рейд барысында анықталған жағдайлар.