Қазақстанда

ПНЕВМОНИЯДАН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫ ЖЕРЛЕУ ТӘРТІБІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Пневмониядан көз жұмғандар да енді коронавирустан қаза тапқандар сияқты жерленеді. Алматының бас санитар дәрігері қатерлі індеттен қайтыс болғандарды жерлеу тәртібіне осындай өзгеріс енгізді. 

Бұдан былай белгісіз пневмониядан көз жұмған марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ерекше қадағалауға алынады. Қорым басындағы сақтық шарасы да күшейтіледі.

Сондай-ақ Алматыдағы жаңа түзетулерге сәйкес, марқұмнан коронавирус немесе пневмония күдігі расталса, қажетті шаралар атқару үшін мәйіт алдымен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының патологоанатомиялық бюросына жеткізілуі тиіс. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button