АТЫРАУДА 42 500 ТЕҢГЕ ЖӘРДЕМАҚЫНЫ 721 АДАМ АЛДЫ

by Depti
0 views

Атырау облысында 42 500 теңге жәрдемақыны 721 адам алып үлгерді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, облыс бойынша бүгінге дейін 1200 адам төтенше жағдайға байланысты жұмыстан ақысыз күндерге кетулеріне байланысты, 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш білдірген. Олардың 721-і оны алып үлгерді. Жеке адам немесе мекеме атынан берілген өтініштер сайт арқылы электронды түрде қабылданған. Одан соң өтініштер азаматтың тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне түскен. Ал орта кәсіпорындардан келген құжаттар арнайы  құрылған Штабқа жолданса, қалған жеке кәсіп пен бірынғай жиынтық табысын төлейтіндердің құжаттары бірден азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпарациясына жолданған. Соның негізінде олардың жағдайы нақтыланып, әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com