АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 42 500 ТЕҢГЕ ЖӘРДЕМАҚЫНЫ 721 АДАМ АЛДЫ

Атырау облысында 42 500 теңге жәрдемақыны 721 адам алып үлгерді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, облыс бойынша бүгінге дейін 1200 адам төтенше жағдайға байланысты жұмыстан ақысыз күндерге кетулеріне байланысты, 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш білдірген. Олардың 721-і оны алып үлгерді. Жеке адам немесе мекеме атынан берілген өтініштер сайт арқылы электронды түрде қабылданған. Одан соң өтініштер азаматтың тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне түскен. Ал орта кәсіпорындардан келген құжаттар арнайы  құрылған Штабқа жолданса, қалған жеке кәсіп пен бірынғай жиынтық табысын төлейтіндердің құжаттары бірден азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпарациясына жолданған. Соның негізінде олардың жағдайы нақтыланып, әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған.

Тақырып бойынша мақалалар

5 Пікірлер

  1. 3-4 күннен бери тіркеле алмай отырмыз. 3 топтағы мүгедек ретінде не тиисти ақшаны не берилетің тамақты ала алмай отырмын. Карантин болмағасын үйден шықпаймыз оның үстіне гонартроз, аяқ басалмаймын. Қашан және қалай аламыз?

  2. Биздер жумсыз калдык осыган 1 апта болды тиркеи алмаи отырмыз калаи и нарсе халыкты абигарге салган

Back to top button