АТЫРАУДА

АТЫРАУДА АНЫҚТАЛҒАН ӘЙЕЛ COVID-19 ІНДЕТІН ҰШАҚТА ЖҰҚТЫРҒАН БОЛУЫ МҮМКІН

Бұған дейін «Алматы-Атырау» рейсіндегі жолаушылардың бірі коронавирустық инфекциямен ауруханаға жатқызылған болатын.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 21 наурыз күні келген «Алматы-Атырау» рейсінің кемінде екі жолаушысы COVID-19 жұқтырған. Олардың бірі – 29 наурызда инфекциялық карантин аймағына орналастырылған 19 жастағы студент болса, екіншісі – бүгін коронавирус инфекциясы анықталған 49 жастағы әйел. Әйелдің қауіпті ауру жұқтырғаны студентпен байланыста болған адамдарды тексеру кезінде расталған.

Осыған дейін, студенттің «Алматы-Атырау» бағытындағы рейспен 17 наурыз да келгені хабарланған болатын. Кейінірек студент жігіттің Атырауға 21 наурызда келгені айқындалды.

Аталған рейстегі барлық жолаушылар анықталып, оқшауланды, қазіргі уақытта оларға ПТР-тест жасалуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button