АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 5 КӘСІПКЕР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Атырауда төтенше жағдай талаптарын орындамаған 38 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның ішінде 5 кәсіпкер әкімшілік қамауға алынды.

«Әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар (тұрғындардың коронавируспен ауыратыны туралы) тарату (ҚК 274-б.), жеке және отбасылық құпияны құрайтын мәліметтерді (коронавирусқа ұшыраған 3 тұлғаның аты-жөндері) тарату (ҚК 147-б.) фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button