АТЫРАУДА

АТЫРАУДА БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІЛЕРІ ҚАРТТАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Қазіргі таңда, орын алған төтенше жағдайда байланысты үйлерінен шыға алмай жатқан қарттар өте көп. Осындай қиын жағдайда қалған қарттарға балабақша меңгерушілері әлеуметтік пакет әзірлеп, алып барды.

        «Атырау қалалық білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері өз бастамалары бойынша Президентіміз қолдаған «#BizBirgemiz» Республикалық акция аясында ардагер- ұстаздарға, әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, мүгедектігі бар азаматтарға ең қажетті деген азық – түліктерден әлеуметтік пакеттер жасақтап, таратты. Бар саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған Ардагер ұстаздар осындай қиын кезеңде ұмытпай, қол ұшын беріп жатырған білім бөліміне, балабақша меңгерушілеріне ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді» – depti   Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек Науаров.

whatsapp image 2020 04 08 at 16.48.50

          Айта кету керек, Атырау өңірі бойынша короновирусты жұқтырғандар саны 36 адамға жетіп отыр. Қауіпті індетті алдын алу үшін үйден шықпаған абзал.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button