АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ҚАЛАДАН ШЫҒЫП КЕТПЕКШІ БОЛҒАН 6 АДАМ ҰСТАЛДЫ

2 сәуірден бастап Атырау қаласына кіруге және шығуға тыйым салынды. Алайда ТЖ режимді сақтау мақсатындағы тәртіпті  кейбір азаматтар бұзбақ  болған.

 «2 сәуір түнгі 00.30 шамасында  Өзбекстан елінің 1986ж.т.азаматы Алмалы -Талдыкөл селолары арасындағы қара жолдан Индер бағытына жаяу өтпекші болған.   Ұсталған азаматқа қатысты ӘҚБтК 476-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сот қаулысымен бес тәулік қамаққа алынды.  Ертеңгілік сағат 08.20-да Алмалы бөгет бекетінен тыс айналма қара жолдан тоқтатылған Toyota Camry көлігінің 1987 ж.т. жүргізушісіне қатысты  «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабымен хаттама жасақталып, мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен  3-тәулікке қамаққа алынды. Бұдан басқа осы жолдан және Қара-өзек бөгет бекеті маңайындағы қара жол бойынан тоқтатылған төрт көлік жүргізушілеріне де ӘҚБтК 476-бабымен толтырылған  хаттамалар сотқа жолданды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Атырау қаласының айналасына төрт бөгет бекеттері орнатылды. 2сәуір түнгі 00.00-ден бастап қалаға автокөліктер мен адамдардың кіруі және шығуына шектеу енгізілді» – depti ПД баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button