АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ВИРУСТЫҚ ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН 20-ШЫ НАУҚАС ТІРКЕЛДІ

Қауіпті дертті жұқтырған жиырмасыншы науқас Атырау қаласының 37 жастағы тұрғыны.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы жолдаған ақпаратқа сәйкес, ​

«1983 жылы туған науқас бұған дейін бірнеше адамға вирус таратқан әйел адаммен қарым-қатынас жасағандардың тізімінде болған.  Бұған дейін қауіпті дертке шалдыққан Орал қаласы тұрғынының 37 адаммен жақын байланыста болғаны анықталған еді.​ Қазіргі таңда 37 жастағы атыраулық науқас толықтай оқшауланып, инфекциялық карантинге жатқызылды» – depti ӨКҚ Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Айта кетелік, бүгінде Covid-19 қауіпті вирустық дертіне Атырау облысы бойынша жиырмасыншы адамның шалдыққаны анықталып отыр.​

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button