АТЫРАУДА

Атырауда қазір жеті жылы аялдама жұмыс істеп тұр

Қала көшелерін қайта жаңғырту жобасы аясында Атырауда алғаш рет жылы аялдамалар әкелінген болатын.

Бұл аялдама павильондары биыл ғана халық игілігіне берілді. Олар: «Вокзал маңы» мен «Вокзал», Владимирский бойында орналасқан (роддом) аялдамасы, Авангард ы/ауданындағы №10 автобустың ақырғы аялдамасы мен Тайманов көшесінің бойында орналасқан екі аялдама бүгінде ашық.

Алайда, ТКШ бөлімі аялдамаларды түнгі мезгілде құлыптап қоюға мәжбүр. Өйткені, осыған дейінгі түрлі вандалдық әрекеттердің барлығы түнде орын алған еді.

«2019-2020 жылы реконструкциялау жобасы бойынша Құрманғазы, Бейбарыс және Уәлиханов көшелеріне орнатылған жаңа жылы аялдамалар әлі теңгерімге тапсырылған жоқ. Сол себепті, қолданысқа берілмеді. Жабық күйінде тұр. Өйткені, мердігер мекеменің жұмысы толық аяқталған жоқ. Бүлінген аялдама павильондарын мердігер мекемеге тапсырып, қалыпқа келтіреміз», – депті қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button