САРАПТАМА

Атырауда коронавирус жоқ. Алайда, оның алдын алу шаралары жүргізілуде

Қытайды қырып жатқан короновирус Қазақстанға жетті ме?Әсіресе  жұмыс пен ақшаның қайнар көзіне айналған Атырауда қытайлықтар өріп жүр. Бұл мәселеге  Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы қаншалықты дайын, қандай алдын алу шараларын жүргізіп жатыр?

«Короновирус Атырауда тіркелген жағдайда облыстық №2 ауруханадан қосымша 60, балалар ауруханасынан  20  кереуеттік орын әзірлеп қойдық. Қолдағы дәрі дәрмектен бөлек, тағы қосымша сұраныс беріп отырмыз. Қазіргі мәлімет бойынша Қытайдан елге оралған атыраулықтардың саны 173 құрады. Осы тұлғалар келген сәттен бастап, «короновирусты жұқтыруы мүмкін» деген қауіппен  14 күн бойы бақылауда болады.Атыраудағы қытайлық азаматтар туралы мәліметтер жиналып жатыр» – депті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ғазизов Байтолла Закарияұлы.

Әзірге короновирусқа қарсы екпе жоқ екендігін де атап өтті. Вирусты жұқтырмау үшін не істеуіміз керек?

«Тұмау белілері бар адамдармен қарым-қатынаста болмау кереу керек, шала піскен тағамдардан ада болып, маска киіп, үй жануарларынан алшақ болып, қолыңызды үнемі жуып отыруыңыз керек» депті штаттан тыс бас инфекционист Ергалиева Надя Атчигалиевна.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button