АТЫРАУДА

Атыраулық Зарина Нұрғалиева қарсыластарын ойсырата жеңді

Алматыда шахматтан балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Сабырбай Гайсин мен Жәнібек Аманов бастаған Атырау облысының спортшылары 5 медалға ие болды.

Әлем чемпионы Зарина Нұрғалиева кезекті рет мықтылығын дәлелдеп, 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальға ие болды. Ал 8 жасар Алиасқар Рахманберді рапид түрі бойынша күміс жүлде еншіледі.

Енді Алиасқар мен Зарина Греция елінде өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button