АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ТҮНГІ УАҚЫТТА БАЛАЛАРЫН ҚАДАҒАЛАМАҒАН АТА-АНАЛАРДЫҢ ІСІ СОТҚА ЖОЛДАНДЫ

Атырау полицейлері 28-30 мамыр аралығында қала аумағында «Каникул» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Шара барысында ішкі істер органдарына 80-астам жасөспірімдер жеткізілді.
Полиция қызметкерлері балаларға қатысты 78 құқық бұзушылық анықтады. Олардың арасында,  түнгі уақытта өз беттерімен жүрген жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлігімен 75 хаттама,
«Жасөспірімдерді құқық бұзушылыққа итермелеу», яғниҚР ӘҚБтК-нің 128 бабымен 1 хаттама, «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау»  ӘҚБтК-нің 127 бабымен 2 хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.
Сонымен қатар,  шара кезінде ІІО –ның жайсыз отбасы тізіміне 2 отбасы есепке алынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button