«Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Қазақстан Тұрғын үй Құрылыс Жинақ банкі» АҚ-на «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» бағыты бойынша жолдама беру үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 3, 4 маусымында қайта жалғасады.
Бағдарламаның шартына, сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған:
⠀️- төрт және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар (жоғарғы оқу орындары, колледжде және басқа оқу орнында күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда) көп балалы отбасылар;
⠀️- кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар (ажырасқан жағдайда неке бұзылған уақыттан бастап 3 жыл өтуі тиіс);
⠀️- отбасында мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар қатыса алады.
⠀Қажетті құжаттар тізімі:
✔Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірмесі);
✔Неке туралы куәлік (неке бұзу туралы, әкесі деп тану туралы, №4 нысан),
✔Туу туралы куәлік (тұпнұсқа және көшірмесі),
✔Мүгедектігі туралы анықтама (мүгедек болған жағдайда),
✔Меншік құқында тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне),
✔Соңғы 6 айдың жалақысы жөніндегі анықтама.
⠀Құжаттарды төмендегі мекен-жайға тапсыруға болады: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы №101а, №3 терезе.