АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЖАППАЙ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Ертең 25 наурыздан бастап арасында еліміздің бірнеше ірі қалаларында халық көп жүретін маңызды орындар дезинфекцияланады.

Атырау облысы әкімдігі ертеңнен бастап Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен өңірдегі маңызды нысандарды дезинфекциялауды бастайды. 

Іс-шараны арнайы даярлықтан өткен  Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері жүргізеді. Олар жұмысқа АРС-14 автомобиль құю станцияларын пайдаланады. 

Ертең алғашқы жұмыстар төрт жерде атап айтқанда, теміржол вокзалы, автовокзал мен әуежайдың маңайы сонымен қатар, «Исатай-Махамет» алаңдарын дезинфекциялаудан басталады. Жұмыс күнделікті таңғы сағат 09.00-ден кешке сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.      

Арнайы жеке қорғаныс киімдерін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдары мен «Рубеж» дезинфекциялық ертіндісі бар жеке газсыздандыру жинақтарын пайдаланады. Ерітінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button