КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

2019122611334095523 2019122611184151946 2019071222003588689
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облыстық полиция басқармасы төтенше жағдай режимін бұзбау мақсатында күнделікті рейд жүргізіп жатыр. Белгілі болғандай Атырау қаласында және  Құлсары, Аққыстау, Махамбет аудандары бойынша ТЖ режимін бұзған 18 оқиға тіркеліп, әкімшілік жазаға кесілді.

«21 наурыз күні Атырау қаласындағы мейрамхана иесі (1972 ж.т.) ҚР  әкімшілік кодексінің 476 бабы (ТЖ режимін бұзу) бойынша жауапқа тартылып, сот үкімі бойынша 10 АЕК есебінде айыппұл төлеуге міндеттелді. 22 наурыз күні қаладағы мейрамханалардың бірі 22:00 дейін жұмысын тоқтатпай, режимді бұзды.  

Атырау облыстық полиция басқармасы кәсіпкерлерге ТЖ режимін сақтап, кафе мен мейрамханалардағы келушілердің санын 50 адамнан асырмай, 22:00 дейін жұмыс жасау керектігін ескертеді» – depti ПД баспасөз қызметі.

Аталған шектеулер орындалмаған жағдайда 476 бап бойынша жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алыну немесе 10 АЕК түріндегі айыппұл төлеуге міндеттеледі.