Салтанатты іс-шара 1 қыркүйекте Атырау облысының барлық мектептерінде өтеді. Оған бірінші сынып оқушылары қатысады, – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы онлайн брифингте облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова айтты.
– Биыл облыста 135 мыңға жуық мектеп оқушысы офлайн форматта оқиды. Оның 14 241 -і бірінші сынып оқушылары. Мектептердегі іс-шара тек бірінші сынып оқушыларының қатысуымен ашық аспан астында өткізіледі. Аталған іс-шарада «Әліппе» табысталады. Сондай-ақ, алғашқы қоңырауға ата -ананың біреуі ғана қатыса алады», – дейді Айнагүл Дүйсекенова.
Айта кетейік, биыл бірінші сыныпқа өткен оқушылардың 98%-ы Egov.kz порталы арқылы құжат тапсырды.